Есенов Мейіржан Нұрланұлы, 2008-2012 ж Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география факультетінде оқыды. (050902 – Туризм мамандығы). 2015 жылы Нью-Йорк университетінде туризм менеджменті магистрі дәрежесін алды. Сол жылы рекреациялық география және туризм кафедрасына ассистент оқытушы болып жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы. Ұстаздық қызмет барысында кафедрада сабақ өткізуде де, қоғамдық-тәрбие жұмыстарында да өзін жақсы жағынан көрсете білді. Пәндер бойынша сабақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді. Сабақтар заманауи оқыту технологиялары мен оргтехниканы пайдалана отырып, тиісті теориялық және педагогикалық деңгейде өткізіледі. Қазақстан Республикасының туризмді және спортты дамыту жөніндегі «ZhasTour» клубының (ҚазҰУ) құрметті мүшесі. 2017 жылы Алматы қаласының Туристік ақпараттық орталығында талдаушы болып жұмыс істеді, шетелдік профессорлармен және ЮНВТО өкілдерімен бірге Алматы қаласындағы туризм жұмысы бойынша талдау жұмыстарын жүргізді. 2018 жылы Open Travel Advisory компаниясында талдаушы лауазымын алды. Есенов М.Н. ғылыми жұмыс жүргізеді, ғылыми- әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысады, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, оның ішінде академиялық ұтқырлық бойынша оқитындарды басқару тәжірибесі бар. Кафедраның және факультеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Нью-Йорк университеті
Магистратура
2015

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Бакалавриат

2012

Қызығушылығы